26 желтоқсан 2014 20:33

Петропавл полицейлері балаларға ұрланған алабайды тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СҚО ІІД баспасөз қызметі ©СҚО ІІД баспасөз қызметі

Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының полицейлері ұрланған асыл тұқымды күшікті бірнеше сағат ішінде тауып, иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының полицейлері ұрланған асыл тұқымды күшікті бірнеше сағат ішінде тауып, иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысты ашуға қалалық такси жүргізушісі көмектескен. Шамамен екі ай бұрын ер адам өз балаларына алабай күшігін сатып әпереді. Жуырда ит ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Ер адам полицияға хабарласып, сол кезде өз үйінің алдында көрші әйелдің жүргенін айтты. Үй иесі әйелдің тез арада такси шақыртып, Жұмысшы ауылынан кетіп қалғанынан да сезіктенді. Тәртіп сақшылары бұдан кейін такси қызметінің операторларына телефон шалады. Такси жүргізушісі жолаушы әйелді есіне түсіреді. 

Ол әйелдің диспетчерге бір мекенжайды, ал жүргізушіге қаланың мүлдем басқа жағына апаруды өтінгенін айтып берді. Сонымен бірге, жолаушының қолында күшік болғанын да жеткізді. "Көрсетілген мекенжайға жеткен полицейлер алабайды тапты. Бірі төрт жасар, екіншісі екі жасар балаларға күшік қайтарылған кезде олар қатты қуанып, шын көңілмен рақмет айтты. Ал олардың ата-анасы көрші әйелдің үстінен қандай да бір шағым түсіруден бас тартты және істі тоқтатты", - делінген хабарламада.

"Бірнеше сағат өткенде күшікті қайтарып, қаланың кішкентай тұрғындарының үмітін ақтағанымызға қуаныштымыз", - деді Петропавл қаласы ІІБ полицияның екінші бөлімінің тергеушісі Ирина Романова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети