02 маусым 2020 18:01

Петропавл тұрғыны күшігін төртінші қабаттан лақтырып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Петропавл қаласының тұрғыны жануарға қатыгездік жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Петропавл қаласының тұрғыны жануарға қатыгездік жасағаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

45 жастағы қала тұрғыны итін төртінші қабаттан лақтырып жіберген. Бұл оқиғаны полицейлерге Хименко көшесіндегі үйдің тұрғындары хабарлаған. Оқиға дәл сол үйде болған. Полиция қызметкерлері көп қабатты үйдің терезесінің алдында өліп қалған итті анықтаған. Ветеринарлар көмекке келсе де спаниельді құтқару мүмкін болмаған. 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатігездік жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Иттің иесі, әйелдің мас болғандығы анықталды. 1 маусымда Петропавл қаласының соты оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды (27 мың теңгеден аса). Үкім күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде айыппұл төленбеген жағдайда, айыппұл қоғамдық жұмысқа немесе қамауға алуға ауыстырылады", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Еңбек Сембин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети