09 шілде 2021 17:10

Петропавлда баласын сабап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Петропавлда ел арасында резонанс тудырған үш жасар қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Баланың анасы 10 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлда ел арасында резонанс тудырған үш жасар қыздың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Баланың анасы 10 жыл 6 айға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында церебралды сал ауруы бар баланың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Қыздың өліміне анасының әрекеті себеп болған.

Сот ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша нақты бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.

"Голешева қылмыстық құқық бұзушылық жиынтығы бойынша 10 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырыла отырып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін", - деді судья Әлия Жұмабаева.

Баланың анасы маңызды мән-жайларды жасырған, деп түсіндірді Әлия Жұмабаева үкім шығарылғаннан кейін. Осыған байланысты судья әйел жасаған әрекеті үшін шынайы өкінетініне күмән келтірді.

Оқиғаның мән-жайы туралы баланы сенімхат бойынша асырауына алған Татьяна Захарова айтып берді. Анасы баланы сәбилер үйіне тапсырғаннан кейін Татьяна оны өз қамқорлығына алған. Татьяна Захарова баланың анасын айыптап отыр.

"Баланы қалай шашынан ұстап тартуға болады? Мен оны түсінбеймін. Өмір бойына бостандығынан айырылсын. Мұндай адамдар балалы болмауы керек. Оған 10,5 жыл берілді, ал бала өліп қалды. Оның болашағы жоқ, ол бірінші сыныпқа бармайды", - дейді қыздың қамқоршысы Татьяна Захарова.

Сот Екатерина Голышевамен азаматтық некеде тұратын ер адамның баланы ұрғанын дәлелдей алмады.

Еске салайық, 27 ақпанда анасынан таяқ жеген нәресте есін жимастан қайтыс болғаны хабарланған болтаны. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлім етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети