24 маусым 2017 20:31

Полицей көлігінің үстінде дәрет сындырған ер адам ұсталды - Алматы облыстық ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицей көлігінің үстінде дәрет сындырған ер адам ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 


Полицей көлігінің үстінде дәрет сындырған ер адам ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған ер адам Шеңгелді ауылының 1989 жылғы тұрғыны.

"Қазіргі уақытта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша ("Ұсақ бұзақылық") әкімшілік хаттама толтырылды", - деді облыстық ІІД өкілдері. Іс материалдары сотқа жолданды. 

Ал Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында осы ер адамның кешірім сұрағаны түсірілген видео пайда болды. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазнет қолданушылары полицей көлігінің үстінде дәрет сындырған ер адамға наразылық танытқан болатын. 

 

На патрульку залез, поймали!!!

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети