Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Полицейді тістеп алған астаналық екі жылға сотталды

24 Қазан 2014, 13:27
0
©Astana.sud.kz
©Astana.sud.kz

Астана тұрғыны полицейді тістеп алғаны үшін екі жылға сотталды, - шешімді қаланың Есіл аудандық №2 соты шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істің дерегіне сәйкес, полицейді тістеп алған мас ер адам Астанадағы "Алау" спорт кешеніне қарсы маңдағы жолдың көлік жүретін бөлігінде жатқан. Сол уақытта полицей көлігімен өтіп бара жатқан. Ол жолда жатқан адамды көріп, басып өтпеу үшін тоқтайды. Астана тұрғыны автокөлікті қолымен ұрып, аяғымен тепкілей бастаған, көліктің мемлекеттік нөмірін жұлып, алдыңғы терезені сындырған. Полицей әріптестерінің көмегіне жүгінуге тура келіп, "102"-ге хабарласады.    

Бұзақы ұсталып, Астана қалалық Есіл ауданы ішкі істер басқармасына жеткізіледі. Ер адам ұсталған соң да тынышталмаған - ол полицейдің оң иығын тістеп, иық белгісін жұлып алады да, көлігінің ашық тұрған терезесінен ішке түкіріп жіберген.

Сот отырысында жауап алу сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сотталушының ісінен бұзақылықтың табылуына байланысты сот оны "Билік өкіліне қарсылық көрсетіп бұзақылық жасау" бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай