Полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізуші 4 бап бойынша сот алдында жауап береді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізуші қылмыстық кодекстің 6 бабы бойынша сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жезқазған қалалық сотына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізуші қылмыстық кодекстің 6 бабы бойынша сот алдында жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жезқазған қалалық сотына сілтеме жасап. 

"Қылмыстық іс сот төрағасы Марат Көкішевтің қарауына түсті. Процесс әлі тағайындалмады, себебі сотталушының адвокаты Елубаевтың (сотталушы - Авт.) ауырып жатқаныны айтты. Ол қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша сот алдына келеді. Олар: "Бұзақылық" бабының 1-бөлігі, "Билік өкіліне бағынбау" бабының 1-бөлігі, "Билік өкiлiн қорлау" бабының 1-бөлігі, "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" бабының 1-бөлігі, "Бұзақылық" бабының 2-бөлігінің 2-тармағы", - деп хабарлады соттың кеңсесіндегілер.

Сотталушы Қайрат Елубаев өз кінәсінің жоқтығын айтып отыр. Ол полицейге зәр шашпағанын мәлімдеді. "Қажет болса мен биологиялық сараптамадан өте аламын", - деп мәлімдеді Елубаев. Қазір ол бостандықта. Ол кепілақымен босатылған еді. 

Экс-полицей Төлеген Игібеков соттасып, жұмысқа қайта тұруға және шартты түрдегі жаза мерзімінен құтылуға тырысатынын хабарлады. "Мен кассациялық шағым дайындадым, таяуда сотқа жолдаймын. Жұмысыма оралғым келеді, мен қызметтік міндетімді атқардым ғой. Елубаевқа келсек, онда менің ісім жоқ. Оны сот жазаласын", - деп мәлімдеді Игібеков. Ол әзірше жұмысқа тұрмағанын айтты. Айтуынша, шартты мерзімдегі жазасы бар адамға жұмыс табу қиын.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін полицей бес жылға шартты түрде сотталған еді. Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов бетіне зәр шашылғаннан кейін жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға сотталып кеткен жезқазғандық полицейдің ісі бойынша Жоғарғы сотқа хат жазғанын айтқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro