17 қыркүйек 2022 13:28

Полицейлер алматылықтан психотроп зат салынған 20 бума тәркіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia.kz Polisia.kz

Алматы тұрғынынан психотроп зат салынған 20 бума тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz


Алматы тұрғынынан психотроп зат салынған 20 бума тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz

Полицейлер күдіктіні Алматы қаласы Медеу ауданының жеке секторында ұстаған.

"Ол - 19 жастағы К. есімді тұрғын. Тергеу-жедел тобы жеке тінту кезінде шолақ шалбардың қалтасынан оралған байлам тәркіледі, оның ішінде ашық-жасыл түсті ұнтақ заты бар 20 дана көлеміндегі полиэтилен бума болды. Ұсталған адамның айтуынша, бұл - зат синтетикалық "жылдамдық" есірткісі. Криминалистер саусақ пен алақанын, шорты қалталарының кесінділерін, хат-хабарлама және суреттері бар ұялы телефонды тәркіледі. Заттай айғақтар сараптамаға жіберілді", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктінің айтуынша, есірткі қоюшы болып жұмыс істегеніне көп болмаған. Оны қоятын орындардың мекенжайын интернет арқылы алған, ал "атқарған жұмысы" үшін ақшалай сыйақыны криптовалютамен алып отырған. Қылмыстық іс соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети