24 ақпан 2018 12:35

Полицейлер көп жағдайда ұрылардың қай кезде үй тонайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © otyrar.kz Иллюстрация © otyrar.kz

Атырау полицейлері үйді тонау оқиғаларының қай кезде жиі болатынын айтты, деп хабарлады "Мой ГОРОД".


Атырау полицейлері үйді тонау оқиғаларының қай кезде жиі болатынын айтты, деп хабарлады "Мой ГОРОД".

Порталдың мәліметтері бойынша, ұрылар пәтерлерге кіру үшін сәйкес кілттерді таңдайды.

Атырау қалалық ІІБ мағлұматтарына сенсек, үйді тонау оқиғаларының көп бөлігі жұмыс күндері сағат 10.00 - 12.00 аралығында болады, бұл кездері тіркелген қылмыстың көрсеткіші жалпы қылмыс санының 67 пайызына тең келіп отыр. Ал аз мөлшердегі көрсеткіш сағат 12.00 - 15.00 аралығы, бұл кезде болған қылмыс санының көрсеткіші - 17,4 пайыз. Сонымен қатар, жаз мезгілінде және демалыс күндері, яғни адамдардың көп бөлігі үйінде болмайтын кезде үйлер жиі тоналады.

"Ұрылардың пәтерге кіру үшін жиі қолданатын шаралары сәйкес келетін кілтті табу, ондай жайттардың көрсеткіші 30 пайыздан жоғары, 57 пайызында құлыпты немесе есікті бұзу арқылы ұрылар үй ішіне кіреді. Осыған байланысты, Атырау полициясы мынадай қауіпсіздік шарасын қолға алуды ұсынады: темір есіктер қою, терезелерге тор қою, есікке домофон, сонымен қатар, күзет сигналын орнату", - делінген жарияланымда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети