11 желтоқсан 2023 12:32

Полицейлер мен әскерилер: Қазақстанда есірткі қылмысы үшін 11 құқық қорғау қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда биыл есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен құқық қорғау органдарының 11 қызметкері ұсталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда биыл есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен құқық қорғау органдарының 11 қызметкері ұсталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, полиция қызметкерлерінің өздері есірткі бизнесімен айналысады.

"Мафиямен күресушілердің өздері оған көмектесетіні ешкімге құпия емес. Биыл есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін құқық қорғау органдарының 11 қызметкері мен әскери қызметшілері ұсталды. Бұл көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменттері жанындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ҰҚҚК қызметкерлері, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, ТЖМ және әскери қызметкерлер", - деді Имашева.

Ол мұндай фактілерге жол беруге болмайтынын айтып, есірткімен айналысқан қызметкерлерді жұмыстан шығарып, лауазымын төмендетуді ұсынды.

"Жемқорлық ісіндегідей мұндай "қасқырлардың" бастықтары мен басшылары да жауапқа тартылуы, лауазымы төмендетілуі немесе қызметінен босатылуы керек", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети