1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Полиция қазақстандықтардан ақша жинаған қорды тексеріп жатыр18 қыркүйек 2020, 07:13

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар үй үшін инвестиция деп ақша жинаған корпоративтік қор үстінен шағымданды. Полицияда іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне жасап. 

"7 қыркүйекте Есіл ауданының Полиция басқармасына астана тұрғындары ұжымдық шағым қалдырды. Олар Otbasy men jastardy koldau kory корпоративтік қоры жағынан алаяқтық болғанын айтқан. Қор үй алып беру үшін тиімді инвестиция мақсатында ақша алған және кейін міндетін орындамай кеткен", - делінген полицияның хабарламасында.

"Екі және одан да көп адамға қатысты ірі көлемде алаяқтық жасау" дерегі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!