23 шілде 2020 15:21

Полиция Көбейтұздан тұз тасығандарды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Полицейлер Көбейтұз көлінен тұз тасығандарды тапты. Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди олар Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің есепте тек бұл көл емес. Тұзды сату бойынша да жұмыс істеп жатырмыз. Бұл тұздың емдік қасиеті бар деген тұлғалар анықталды. (...) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте тиісті баптар бар. Онда бір емес, бірнеше бап бойынша жауапқа тартылады", - деді Калайчиди ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол мұндай тұзды сатып алған адамдар жауапқа тартылмайтынын атап өтті. 

"Әлеуметтік желілер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Дәрілік деп дәрілер немесе препараттарды заңсыз сататын фактілердің көбі осы жұмыспен байланысты. Біз медициналық көмекке мұқтаж адамдардың қажеттілігін пайдаланатын сол сатушыларды анықтаймыз", - деп түсіндірді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети