06 қаңтар 2017 20:32

Прокурор Атырауда балабақша маңында өз әйелін өлтірген адамды 15 жылға соттауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер жеке мұрағаттан алынған Суреттер жеке мұрағаттан алынған

Атырауда үш баланың анасын өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық сот процесінің сөз жарысы басталды. Мемлекеттік айыптаушы соттан Ольга Звереваның бұрынғы күйеуіне 15 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, алайда жәбірленуші жақтың адвокаты оның өмір бойына сотталуын сұрады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 2016 жылы 4 шілдеде балабақшаның маңында, әйел өзінің 4 жасар қызын осында алып келе жатқанда болған. "Анам кіші сіңілімді балабақшаға таңғы сағат 08.00-де апарған. Ол жақтан шыққан уақытта бұрынғы күйеуін көрген. Ол бізге бұрында да келіп қорқытатын, сені және анаңды өлтіремін дейтін (...), - дейді қайтыс болған Ольга Звереваның қызы. - Нақты не үшін жанжал шыққанын білмеймін, бірақ ол анамды пышақтай бастаған. Ол анама 14 рет пышақ салған". 

Осыдан кейін ер адам өзін-өзі өлтірмекші болған, алайда бұл ісі сәтсіздікке ұшыраған. 

Қыздың айтуынша, ер адам бұрыннан не пәтерді не ақша сұрап тұратын болған. Наталья Звереваның айтуынша, анасы жақсы ақша табатын болған, ал бұрынғы күйеуі айырылысқаннан кейін бірдемелерді қайтарып алғысы келген. 

"Ол қалалық әкімдікке балаларыммен көрісуге рұқсат бермейді деп арыз жазған. Негізінде ол өзі іздеп бірде-бір рет болсын келмеген, алимент дегенді бір ретте болсын төлемеген. Сот екі жылға созылды. Мен бұрыннан неге сіздердің редакцияларыңызға жазбағаныма өкінемін, сол кезде қорқытулар аз болар ма еді. Мына қасіреттің алдын алуға болар ма еді", - дейді ол.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети