20 қараша 2014 10:30

Прокурорлар Айсұлу Жамбарбекті өлтірген адамға 19 жыл жаза сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айсұлу Жамбарбек. ©Жетінші арна кадры Айсұлу Жамбарбек. ©Жетінші арна кадры

Мемлекеттік айыптаушы 16 жастағы Айсұлу Жамбарбекті өлтірді деп айыпталып жатқан Виталий Атапинді мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Еске сала кетейік, қызды 2013 жылы Алматыда өлтіріп кеткен болатын.


Мемлекеттік айыптаушы 16 жастағы Айсұлу Жамбарбекті өлтірді деп айыпталып жатқан Виталий Атапинді мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды "Жетінші арна". Еске сала кетейік, қызды 2013 жылы Алматыда өлтіріп кеткен болатын.

Сот 19 қарашада тараптарды қатар тыңдауды бастады. 36 жастағы такси жүргізушісі өз кінәсін ішінара мойындады, бірақ әрекетті жалғыз әрекет істемегенін айтты. Оның сөзінше, бұл іске оған туған немере қарындасы мен онымен бірге тұратын адам көмектескен. Бірақ қосымша тергеуден кейін бұл қылмысқа өзге де адамдардың қатысы анықталмады. "Айыпталып отырған азаматтың кінәсі іске қатысты жиналған дәлелдермен, нақты айтқанда, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, айыпталушының орнында берген жауабын нақтылаумен (тексеру барысында жәбірленген адамның мәйіті табылды), заттай айғақтармен, сараптама қорытындыларымен, куәгерлердің және жәбірленушілердің сөзімен, істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді", - деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы Айдар Алмас.     

Еске сала кетейік, 16 жастағы Айсұлу Жамбарбек 2013 жылдың 28 желтоқсанында жоғалып кетті. Келесі күні оның туысқандары Алатау аудандық ІІБ-не өтініш жазды. Қыздың мәйіті 2014 жылдың 3 қаңтарында табылды. Күдікті видеобақылау камерасы арқылы анықталды. Таксист өзінің қылмысын пайда табу үшін жасағанын айтқан. Қыздың қалтасында 35 мың теңге, ұялы телефон және туған-туыстарына сыйға тарту үшін әкеле жатқан сыйлықтары болыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети