09 маусым 2022 14:14

Пышақтап кеткен. Шымкенттік түнгі клубта төбелес болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация фото: pexels.com Иллюстрация фото: pexels.com

Шымкентте түнгі клубта төбелес болып, ер адамды пышақтап кетті, - деп хабарлайды otyrar.kz сайты.


Шымкентте түнгі клубта төбелес болып, ер адамды пышақтап кетті, - деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Басылым мәліметінше, биыл 4-5 қаңтарда қаладағы түнгі клубтардың біріне қыдырып жігіттердің біріне бейтаныс қыз жақындап, билей бастаған. Кейін қыздың жігіті досымен келіп жігітті соққыға жыққан.

Кейін анықталғандай қыз түнгі клубқа жігітімен бірге келген, оны басқа қыздан қызғанып, кек алуды ұйғарып, осы жігіттерге жақындаған.

"Менің балам бірінші қабатта достарымен отырған, ал күдіктілер екінші қабатта болған. Қыздың жігіті ұлымды қабылдау бөлмесіне шақырып ұрып, қызға пышақ алып келуге жұмсайды. Мұның бәрі видеода көрінеді. Қыз пышақ алып келеді, бірақ жігітіне бермейді", - дейді марқұмның анасы Ира Локтева.

Содан кейін қыз Евгений Локтевке жүгіріп келіп пышақ тығып алған. Ал қыздың жігіті қолындағы пышағын жұлып алып, айналасындағыларға лақтыра бастайды. Екеуі де мас болғаны анық, дейді марқұмның анасы. Қорқынышты кадрлар бақылау камерасының объективіне түскен. Осыдан кейін күдіктілер кісі өлтірген қаруды Қажымұқан стадионының маңына тығып кеткен. Ал 22 жастағы Евгений Локтев есін жимай ауруханада көз жұмады.

"Видеода жанжал тудырған жігіт екені, ол пышақ әкелуді сұрағаны анық көрінеді. Не үшін? Мүмкін, ол Евгенийді өзі өлтіргісі келді, бірақ қыз оны ол үшін жасады. Бірақ неге екені белгісіз полицейлер одан жауап алмаған, видеоны қарамаған", – дейді анасы.

Сол күні кешке полиция екеуін де ұстады. Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жігіттен жауап алынып, сол күні босатылған. Ол бұл іске куәгер ретінде қатысып, содан бері сотқа да, полицияға да келмеді, дейді анасы. Ира Локтева жергілікті полицияны әрекетсіздік пен немқұрайлылық танытты деп айыптайды.

Ал Шымкент прокуратурасы "Халық және билік" бағдарламасының тікелей эфирінде Ира Локтеваның ісін қарауға уәде берді. Қалалық соттың баспасөз қызметі сот әлі аяқталмағанын алға тартып, түсініктеме беруден бас тартты.

Ирина Локтева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу түсіріп, жеке жолдады. Ол іс қаралып, ұлының өліміне кінәлілердің барлығы әділ жазасын алады деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети