10 сәуір 2021 09:31

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. ұсталған болатын

"2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген елорданың тергеу сотының хабарламасында.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша Жоғарғы сот кеңесінде атқарған жұмысы кезінде көрсеткен көмегі үшін ақша берілген.

Жоғарғы сот кеңесі ұсталған судья туралы пікір білдірді

Өзге ақпарат, оның ішінде пара сомасы тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети