08 ақпан 2017 15:23

Ресей азаматының ұрланған қымбат автомобилі Павлодарда видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам өзінің ұрланған көлігі туралы мәлімет берген адамға миллион теңге сыйақы беретінін мәлімдеді. Павлодарда ұрланған Lexus маркалы автомобильдің иесі ресейлік азамат болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ер адам өзінің ұрланған көлігі туралы мәлімет берген адамға миллион теңге сыйақы беретінін мәлімдеді. Павлодарда ұрланған Lexus маркалы автомобильдің иесі ресейлік азамат болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік 32 жастағы кәсіпкердің айтуынша, көлік 2015 жылы шыққан, ол оны бір жарым жыл бұрын 16 миллион теңгеге сатып алған. Павлодарға ер адам жұмыстарымен келген. Lexus 460GX маркалы көлікті ұрылар ресейлік азамат уақытша пәтер жалдап тұрған үйдің ауласынан ұрлап кеткен. 

"Көлік тұрақта тұрған, дабыл беру құрылғысы істеп тұрған, алайда ұрылар оның дыбысын бәсеңдеткен. Ұрлық болған сәтте жолда өтіп жатқан видео тіркеу құрылғысына түсіп қалған. Бір минуттың ішінде ұрлаған, бірнеше минут өткеннен кейін көлік ауладан шыққан кезде, мендегі дабыл беру құрылғысы шырылдай бастады. Осы кезде көлік менен екі шақырым жерде кетіп бара жатты", - дейді кәсіпкер. 

Іздеу жұмыстарын тезірек іске асыру үшін, кәсіпкер қомақты қаражатты беретінін айтқан. Ер адам өзінің ұрланған көлігінің қайда тұрғанын айтқан адамға миллион теңге беретінін айтты. 

Ресейлік азаматтың айтуынша, барлық түскен ақпаратты полицейлер тексеріп жатыр. Автомобиль иесі әлеуметтік желіде ұрлық болған кездегі видеоны және видео тіркеу құрылғысына түскен сәтті және қала көшелеріндегі бейнебақылау камераларының видеосын жүктеген. 

Видеода екі жігіт түсіп қалған, біреуінің иығында сөмке бар. Соның ішінде дыбысты бәсеңдеткіш құрылғы болуы мүмкін. Айта кетейік, ұрланғаннан кейін алты минут уақыт өткенде жол талғамайтын көлік қаланың сыртында болған. 

"Lexus GX460 маркалы көліктің ұрланғаныдерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы іске қатысты жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр және ұрланған автокөліктің қай жерде екенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындылары қосымша айтылатын болады", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мамандары. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети