15 тамыз 2022 13:38

Ресейден әкелінген: Алматыда сыра сақталған қойма әшкереленді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ресейден әкелінген 13 500 литрден аса контрабандалық сыра табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда Ресейден әкелінген 13 500 литрден аса контрабандалық сыра табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Алкоголь өнімдері 9 тамызда тексеру кезінде анықталған. Ресейден заңсыз әкелінген сыраның көлемі шамамен 13,5 мың литр. Оның 11 мың литріне жуығы пластик ыдыстарда сақталған.

"Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, рұқсатсыз және пластикалық ыдыстардағы алкоголь өнімдері айналымына тыйым салынады", - деді департамент өкілдері.

Тексеріліп жатқан нысанда спирт – виски, бурбон және т.б. өндірілген астыртын цех те анықталды. Оларды жасау үшін самогон және құрамында спирті бар сұйықтықтар пайдаланылған.

"Айта кету керек, алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымы мемлекетке ғана зиян келтіріп қоймай, тұрғындардың денсаулығына да айтарлықтай зиян келтіреді", - деп толықтырды ведомстводағылар.

Мемлекеттік кірістер департаменті Үкімет арақ пен күшті алкоголь сусындарға ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілегенін еске салды. Демек, бір литр арақтың бағасы кем дегенде 1980 теңге, яғни жарты литрлік ыдыс 990 теңге. Коньяк пен бренди үшін ең төменгі шек литріне 2930 теңге немесе 0,5 литрлік ыдыс үшін 1465 теңге.

"Сауда нысандары алкоголь өнімдерін ең төменгі бөлшек сауда бағасынан төмен сатқан жағдайда, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Абылайхан көшесі, 93/95 үй мекенжайы бойынша немесе 1414 байланыс орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети