20 қазан 2021 12:04

Риддер қаласының тұрғыны дүкенде "көкнәр сабағын" сақтаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласының тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны туралы ақпарат түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласының тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны туралы ақпарат түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл қазанның басында "Қарасора", "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласының тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түскен. Жедел уәкілдер тез арада ақпаратты тексеруге кіріскен.

Биыл 6 қазанда тінту іс-шараларын жүргізу барысында 73 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі Риддер дүкендерінің бірінен құрамында есірткі бар тағамдық көкнәр табылып, тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат - жалпы салмағы 30 грамнан асатын "көкнәр сабағы".

"Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі - есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

ШҚО ПД баспасөз қызметі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі болып табылатынын, осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети