Рига орталығында қазақстандық азаматша өлі табылды

20 Сәуір 2018, 09:04
0
Рига орталығында қазақстандық азаматша өлі табылды -

Рига орталығындағы қонақүйлердің бірінде қазақстандық азаматша өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Латвиянң Мемлекеттік полициясы сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелдің мәйіті 8 сәуірде шамамен сағат 17.00-де қызметшілер бөлмесінде табылған. Сарапшылардың алдын ала қорытындысына сәйкес, марқұмның денесінде қылғындыру іздері болған. Күдікті оның серігі болып шықты, ол марқұммен бірге осы нөмірде тұрып жатқан.

Тәртіп сақшылары ер адамды ел астанасының әуежайында ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жүріп жатыр. Бұл қылмыс үшін Латвия заңы бойынша өмір бойына немесе 5-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Ал өз кезегінде Қазақстан СІМ өкілдері марқұмның Қазақстан азаматшасы екенін растап, оның Қарағандыда тұрғанын айтты. Қазіргі уақытта дипломаттар марқұмның отбасына көмектесу жолын қарастырып жатыр.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай