24 шілде 2020 16:11

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: оқиға орнынан фото мен видеолар жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер Сәтбаевта болған тәртіпсіздіктің фотосы мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Куәгерлер Сәтбаевта болған тәртіпсіздіктің фотосы мен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан куәгерлер мен полиция қызметкерлерінің үш көлігін көруге болады. Көліктердің терезесі сынған.

"Сәтбаевта тәртіпсіздік таңға дейін болды. Бізге түтіннің иісі келді. Өте қорқынышты болды. Наразы топ кез келген уақытта күдікті тұрған үйдің подъезін өртеп жіберер еді. Менің балаларым қорқып, ұйықтай алмады. Мен қорықтым. Сондықтан балаларымды алып, үйден алыс жерге бардым. Күдікті тұратын үйдің пәтері ашық болды. Оның іші астан-кестен еді. Енді қалай өмір сүретімінізді білмеймін", - дейді күдіктінің көршісі.

"Көршілердің айтуынша, ересек адам қызға зорлық-зомбылық жасамаған. Оған оның ұлы кінәлі болуы мүмкін. Ол жақында түрмеден шыққан. Қылмысты нақты кім жасағанын білмеймін. Мен олармен мүлдем сөйлеспейтін едім. Бірақ кеше кешке подъезде күдіктінің халатпен тұрғанын көрдім. Ол сабырлы болған еді. Қазір қалада ұялы телефон желісі жұмыс істемейді, ешкім хабарласа алмай жатыр. Әдейі ұялы байланысты өшіріп тастағын шығар", - дейді күдіктінің көршісі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі таңда Сәтбаевта жағдай тұрақталғанын атап өтті. Полиция күдіктінің 1958 жылы туған ер адам екенін хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны, әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған болатын.

Сондай-ақ, ішкі істер министрі бұл факті бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети