21 маусым 2017 09:46

Сатушы қызды ұрып-соққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын ұрып-соққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын ұрып-соққан ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ролик Instagram желісіндегі 24na7kz парақшасында жарияланды. Видеоның сипаттамасында кассир әйел мен сатып алушының арасындағы қақтығыстың Тараз қаласындағы № 6 ықшамауданында орналасқан "Корзинка" дүкенінде болғаны айтылады. 

Кадрлардан сатып алу мен сатушының арасында жанжал шыққанын көруге болады. Тағы бір сатушы оларды сабырға шақырады. Осы кезде ер адам ашуы қайтқандай есікке қарай беттейді. Алайда бірнеше секундтан кейін қайта келіп, кассир әйелдің шашынан ұстап тұрып, жағына соққы жасайды. 

Жамбыл облысының ІІД өкілдері бұл видеороликті тексеріп жатыр. Ведмоствоның мәліметінше, осы оқиға бойынша полицияға арыз түспеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети