22 қыркүйек 2021 | 15:06

"Сау, шағымы жоқ". Адвокат алматылық атқыш туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев Фото: Tengrinews.kz/Шоқан Алхабаев

Адвокат Дамир Хасанов бес адамды өлтірді деп айыпталған алматылық атқыш Игорь Дужновтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Адвокат Дамир Хасанов бес адамды өлтірді деп айыпталған алматылық атқыш Игорь Дужновтың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, ол бюджет қаражаты есебінен Дужновтың мүддесін қорғайды. Яғни, мемлекет күдіктіге адвокат тағайындаған.

"Менің клиентім аман-сау, ол ештеңеге шағымданбайды. Оның денсаулығы қалыпты, уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Сот шешімі шыққанша, 72 сағатқа қамауға алынды. Сот бұлтартпау шарасын қабылдау тиіс. Тергеу соты онлайн режимде тұтқындалғаннан кейін 72 сағат ішінде өтеді. Қазір тергеу құпия түрде жүргізіліп, салдары анықталып жатыр. Біз өз ұстанымымызды дәлелдейміз, болды", - деді Хасанов.

Дужнов бұл қылмысты ессіз күйде жасады ма деген сұраққа адвокат тергеу құпиясына сілтеп, жауап бермеді. Сондай-ақ, Хасанов алматылық атқыш кінәсін мойындап-мойындамағанын да айтпады.

"Егер туыстары басқа адвокат жалдаса, бұл істен бірден бас тартамын. Оны басқа адвокат қорғайды. Егер туыстары басқа адвокат алмаса, онда мен Дужновтың ісін жүргіземін", - деді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Ол сот шешімін орындауға келген адамдарға оқ жаудырды. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы атыс туралы ақпарат тарады

Оқиға салдарынан алматылық оқ атушы бес адамды өлтірді. Қаза болғандардың арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар. Белгілі болғандай, қайтыс болған сот орындаушысының бес баласы бар. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды

Кейін полицейлер бес адамды қарусыз өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылады.

Алматы маңындағы атыс: жаңа деректер пайда болды

Белгілі болғандай, үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындаған. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй қаржы институты меншігіне өтті, одан кейін жеке адамға сатылды. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғанын атап өтті.

21 қыркүйек күні таңертең үйдің айналасындағы қоршау орнында болды. Полиция БАҚ өкілдері мен қызығушылық танытқан азаматтарға оқиға орнына жақындауға рұқсат бермеді. Алайда түскі уақытта құқық қорғау органдарының өкілдері бұл аумақтан кетті. Ал бірнеше минуттан кейін журналистердің алдына алматылық атқыштың әйелі Анаида Демирчян шықты. Ол оқиға мен оған дейінгі жағдайлар туралы толық айтып берді. 

Демирчян пікір білдірместен 2 сағат бұрын полиция брифинг ұйымдастырып, барлық сұраққа жауап берді. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, өлтірілген тағы бір азамат бар, ол оның досы болған. Сондай-ақ, қайтыс болған полицейлердің бірінің бес баласы бар екені белгілі болды. Атыс фактісі бойынша бірден екі сотқа дейінгі тергеу басталды: "Кісі өлтіру" және "Мемлекеттік қызметкерге күш қолдану".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети