Сбербанк банкоматында 4,8 миллион теңгенің өртенгені белгілі болды

22 Ақпан 2017, 14:19
0
Сбербанк банкоматында 4,8 миллион теңгенің өртенгені белгілі болды -

Банкоматты ашу әрекеті дерегі бойынша қылмыстық іс Алматы облысы ІІД бақылауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімінің өндірісіндегі қылмыстық іс ҚР Қылмытсық кодексінің 188 ("Ұрлық") және 24-баптары ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша қозғалды. Осы дерек бойынша тергеу облыстық Департаменттің Тергеу басқармасының ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта қылмыс жасаған адамдарды анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, істің фабуласы бойынша, 17 ақпанда сағат 21.30-да Кербұлақ аудандық ішкі істер бөліміне белгісіздердің Сарыөзек ауданындағы дүкендердің бірінде орнатылған банкоматты ашқысы келгені жайлы ақпарат келіп түскен. 

Газбен балқытып біріктіру құрылғысы арқылы жасалған қылмысқа оқталу нәтижесінде 5 және 10 мың теңгелік купюралар өртенген. Күйген ақшаның жалпы сомасы 4,8 миллион теңге.

Осыған дейін Сбербанк өкілдері Алматы облысы Сарыөзек ауылындағы банкоматты белгісіздердің тонағысы келгені жайлы оқиғаның мән-жайын айтқан еді. 

"Сбербанк" АҚ еншілес банкі Маркетинг және коммуникация басқармасының директоры Олегжан Бекетаев қаскөйлердің банкоматты ашқысы келгенін растады. Олар банкоматты ашып жатқан сәтте дабыл белгісі қосылған.

"17 ақпанда Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында Сбербанктің жеке дүкенде орналасқан банкоматын ашу әрекеті болды. Қаскөйлер оны газбен балқытып біріктіру құрылғысымен ашпақ болған, бұдан купюралар өртенген. Ашу кезінде дабыл белгісі қосылып, оқиға орнына жеедел әрекет ету тобы жөнелтілген. Банк тонау әрекеті дерегі бойынша құқық қорғау органдарына хабарласты, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлаған болатын банк өкілі.

Банктегілердің айтуынша, жанып кеткен купюраларды алмастырып алуға болады.

"Банкоммат жарамсыз болып қалды, банкке келген шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Сбербанк әлемнің жетекші вендорларынан тапсырыспен алдырады, банкоматтардың жоғары дәрежедегі сейфтері бар, сондай-аө, жоғары деңгейлі қауіпсіздік жүйесі орнатылған", - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ еншілес банкі Маркетинг және коммуникация басқармасының директоры.

Еске салайық, Алматы облысында белгісіздер банкоматтағы миллиондаған ақшаны ала алмай, өртеп кеткен. Бұл мәліметті Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова растаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай