Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Семейде 17 жыл бойы интернат балаларын зорлағаны үшін сотталған педофил тәрбиеші өлі табылды

11 Мамыр 2016, 12:41
0
© vkapkane.net
© vkapkane.net

Семейде 17 жыл бойы интернат балаларын зорлап келген педофил тәрбиеші Өскеменнің уақытша ұстау изоляторында өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық прокуратураның өкілдері 8 мамырда, үкім заңды күшіне енгеннен кейін 44 жастағы педофил тәрбиешінің Өскеменнің уақытша ұстау изоляторында өлі табылғанын хабарлады. "Алдын ала болжам бойынша бұл - суицид. Істің мән-жайы тергеліп жатыр", - деп хабарлады Семей прокуратурасының өкілдері. 

Еске салайық, биылғы сәуірде "№ 5 көмекші мектеп-интернат" КММ ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар мен жетімдердің тәрбиеленушісі болған 43 жастағы педофилдің соты болып өткені хабарланған еді. Интернаттың тәрбиешісі 17 жыл бойы балаларды зорлап келген. Педофилдің әрекетінен 12-14 жас аралығындағы 10-нан аса бала зардап шеккен. Педофил балаларды қорқыту әдісін де қолданған. Сотта 43 жастағы педофилге 20 жылға бас бостандығынан айыру, педагог қызметін атқарудан айыру, сонымен қатар, өмір бойына балалардың тәрбиесімен айналысуына тыйым салу жазасы тағайындалды. 

Қазір Семейде педофил тәрбиеші жұмыс істеген №5 мектеп-интернатының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай