11 маусым 2020 17:02

Семейде әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Тұрар Қазанғапов Фото: © Тұрар Қазанғапов

Семейде жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды -, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды -, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапқан. Тергеу барысында полиция жүргізушіні ұстады.

"Оқиға орнынан ізін суытқан жүргізушінің кім екені анықталды. Ол - 37 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды", - дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің орынбасары Елдос Закимов.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 11 маусым түнгі сағат 01.20-де болған. Әуезов даңғылы мен Селевина көшесінің қиылысындағы жаяу жүргінші өтетін орында жол апаты тіркелген. Алған жарақат салдарынан 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқан. Ал екінші зардап шеккен жаяу жүргіншіге қажет медициналық көмек көрсетілген.

Бұл факті бойынша сотқа дейін тергеу басталды, сот сараптамасы тағайындалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденетін болса, ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети