15 қараша 2018 19:18

Семейде дзюдодан Қазақстан чемпионы көмір алуға кезекте тұрғанда қаза тапты

Камила Долаева Журналист
Жасұлан Әбиев. Сурет: instagram.com/judo_kazakhvines

Семейде көмір алуға кезекте тұрған дзюдоншы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде көмір алуға кезекте тұрған дзюдоншы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиға 12 қарашада болған. Куәгерлердің айтуынша, Қаражыра көмір разрезінде екі ер адам сөзге келіп, нәтижесінде семейлік жігітің басы жарақаттанған. Семей полиция басқармасында өлім факті расталды. 

Реклама
Реклама

"13 қарашада Степной ауылының тұрғыны қайтыс болғаннан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікті, 1994 жылғы Семей қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция өкілдері. 

Спортшының күтпеген жерден қайтыс болуын әлеуметтік желі пайдаланушылары да талқылап жатыр. Қайтыс болған дзюдошы Жасұлан Әбиев республикалық чемпионаттар мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері екен. Ол 2010 жылға дейін кәсіби спортпен шұғылданған, содан кейін жаттығуларын тоқтатып, бизнеспен айналыса бастаған. 

Айта кетейік, қайғылы оқиға ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша алдын ала тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Заң сегізден 12 жылға дейін бас бостандықтан айыруды қарастырады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram