15 маусым 2017 20:50

Семейде жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды, - деп хабарлайды Semeyainasy.kz.


Семейде жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды, - деп хабарлайды Semeyainasy.kz.

Оқиға жедел жәрдем бригадасы Дулатов көшесіндегі үйге шақыртуға келген кезде болған. Аулада көлік қоятын орын болмағандықтан, жүргізуші үйдің кіреберісіне әрең тоқтай алған. Дәрігер науқастың пәтерінде болған уақытта жедел жәрдем көлігіне Lexus жүргізушісі келген. 

Көліктен шыққан ер адам жедел жәрдем жүргізушісінен жол беруін талап еткен. Жүргізуші оған орын беру үшін кварталды қайта айналып келуі керек екенін, бірақ науқас тез арада ауруханаға баруы мүмкін болғандықтан алысқа кете алмайтынын айтып, түсіндіре басаған.

Бірақ Lexus иесі айтқанына қайтпаған. Кейін ол ашуланып, шетелдік көлігін жедел жәрдем көлігі шыға алмайтындай қойып, жүргізушіне жұдырық ала жүгірген. Нәтижесінде медициналық бригада полицияға хабар берген. Сөйтсек, Lexus жүргізушісі бұған дейін де осы тектес әкімшілік құқық бұзғандықтан, жазаланған болып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети