Семейде мемкомпания басқарушысы бес жылға сотталды

23 Шілде 2014, 23:38
0
Семейде мемкомпания басқарушысы бес жылға сотталды - Сотталушы сот залында. Фото: Руслан Шақабаев
Сотталушы сот залында. Фото: Руслан Шақабаев

Семейде "Жылукоммунэнерго" МҚК сауықтырушы басқарушысы Исламбек Қарахан лауазымын асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Жанат Әбенованың айтуынша, сотталушы Қарахан қылмыстың үш эпизоды бойынша айыпталған. "Өзіне жалақыны (екі млн теңге), кәсіпорын жұмысшыларына сыйақыны (500 мың теңгеден астам) және кредиторды кезектегі бесінші орнынан бірінші орынға заңсыз жылжытып, оған қаржы аударғаны (400 млн теңгеден астам) үшін айыпталды", - деді судья.

Қарахан мүлкін тәркілеумен бірге бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын арқалады. Ол төрт жыл бойы мемлекеттік лауазымды иелене алмайды. Сотталушының әйелі Айман Бесебекова сот үкімімен келіспейді, ол апелляцияға арызданатынын мәлімдеді. "Бұл жерде қылмыс құрамы жоқ, ол өз елінің патриоты, сондықтан ол жаман қасиетке бармайды, мемлекетшіл, ол өз қаласы үшін жанын береді", - деді ол.

Бесебекованың айтуынша, оның күйеуі наурыздың 26-сынан бері қамауда отыр, әйел жарының денсаулығына алаңдайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай