21 ақпан 2020 12:34

Семейдің бұрынғы бас сәулетшісіне пара алғаны үшін айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Семей қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Бақтияр Салимов жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семей қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Бақтияр Салимов жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бөлім басшысына қатысты тергеу жұмыстары былтыр күзде басталған. 

"Салимов 2019 жылғы қыркүйек пен қазан аралығында эскиздік жобалар мен схемаларды бекіткені үшін кәсіпкерлерден жүйелі пара алды деген күдікке ілінді", - делінген ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.

Ведомство өкілдері Салимов кінәсін мойындағанын хабарлады. Сот үкімімен қаланың бұрынғы бас сәулетшісіне 8 миллион 785 мың теңге айыппұл салынды және ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. 

Бақтияр Сәлімов Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына 2017 жылдың басында тағайындалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети