18 қыркүйек 2019 | 15:08

Шекарадан бағалы ішіктерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Алматы облысында шекарадан бағалы тондарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv телеарнасы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында шекарадан бағалы тондарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv телеарнасы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше кешкі бестер шамасында Қорғас шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығында кедендік бақылау жүргізу кезінде құндыз ішіктер тәркіленді. Салмағы 100 келіден асатын тауарды иелері қазақстанға заңсыз алып кірмек болған, деп хабарлайды  тілшісі.  

Реклама
Реклама

"Ұсталған ішіктердің жалпы саны 61 дана болып шықты. Алдын ала есептеу бойынш кедендік құны 12 млн 140 мың теңгені ал мемлекетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің салықтық құны 2 млн 900 мың теңгені құрады. Аталған факт бойынша қазіргі таңда осыған қатысты адамдарды жауапкершіілкке тарту және кедендік төлеуді өндіру мәіселесі қарастырылып жатыр", - дейді "Алтын көл" кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram