29 мамыр 2019 15:21

Шекарадан інісінің төлқұжатымен өтпек болған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарадан інісінің төлқұжатымен өтпек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шекарадан інісінің төлқұжатымен өтпек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бейнеу шекара отрядының "Бейнеу-теміржол" бөлімшесінде "Нүкус-Бейнеу" бағытындағы № 647 жолаушылар пойызын тексеру барысында шекарашыларға Өзбекстанның 1974 жылғы тұрғынының төлқұжатын ұсынған жолаушы ұсталды. Төлқұжаттың бұл азаматтың өзінікі емес екенін бірден аңғарған шекарашылар тексере келе оның Өзбекстан Республикасының 1969 жылғы азаматы екенін анықтады. Ал төлқұжат оның туған інісінікі", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Сондай-ақ, комитеттегілер Ресейге кетіп бара жатқан автобуста жасырынып, шекарадан өтпек болған 29 жастағы ер адамның ұсталғанын айтады.                                 

"Ақтөбе шекара отрядының "Әлімбет-авто" бөлімшесінде шекара наряды "Шымкент-Орск (РФ)"  бағытындағы жолаушылар автобусын (меншік) тексеру барысында жүргізушілердің демалатын орнында көрпенің астында тығылып жатқан ер адамды ұстады. Ол 29 жас, елден шығуға тыйым салынған қазақстандық", - деп хабарлады комитеттегілер.

ҰҚК мәліметінше, автобус жүргізушісі де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 515-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту") жауапқа тартылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети