16 маусым 2017 11:57

Шекарашылар есірткі тасымалдаушылардың құйтырқы әдістері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қордай шекара қызметінің шекарашылары жыл басынан бері Қазақстан-Қырғызстан шекарасында жалпы салмағы 38 келі 500 грамм героин алып өтпекші болған үш жағдайға тосқауыл болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.

Ұсталғандар есірткіні Қазақстан арқылы Ресейге алып өтпек болған. Осыған дейін бұл мәліметтер жедел шараларға байланысты жарияланбаған еді.

© ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Биыл ақпан айының басында "Қордай" өткізу пунктінде көлікті қызметтік итпен тексеру барысында Қазақстан Республикасына "Бішкек-Мәскеу" бағытымен Honda - CRV көлігімен кірмек болған Қырғызстан азаматын ұсталды.

Инспекциялық тексеріс кешендерінің барысында көлікітің алдыңғы бөлігінде қара дақтардың бар екені анықталды. Кейінірек көлік құралын қызметтік иттер тексерді. Олар да сол көліктің сол бөлігін көрсетті. Көлікті ашу кезінде жалпы салмағы 15 келі 330 грам героин тәркіленді.

© ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

Ал осы айдың ішінде осы бөлімдегі қазақстандық шекарашылар 18 келі 699 келі героин алып өтпек болған ер адамды ұстады. Қырғызстан азаматы есірткіні "Фольксваген Пассат" көлігінің артқы орындықтарында жасырған. Ер адам есірткі заттарын "Ош-Новосібір" бағыты бойынша алып өтпек болған.

"Қарасу" өткізу пунктінде мемлекеттік шекара күзетшілері Бішкектен Омбыға Volvo жүк көлігімен бара жатқан Беларусь азаматын ұстады. Жүк көлігіндегі жиһаздан 2 металл контейнер табылды. Онда 4 келі 500 граммнан асатын героин болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети