09 қаңтар 2023 17:02

Шенеуніктен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкердің ісіне қатысты мән-жай айтылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Антикор шенеуніктен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкердің ісіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбалас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Антикор шенеуніктен 50 миллион теңге бопсалаған кәсіпкердің ісіне қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбалас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Былтыр 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Одан бөлек, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды.

Ұйым басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті.

Әбиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды.

Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай дерегі туралы 1424 нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети