27 мамыр 2021 12:58

ШҚО-да әкім сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

ШҚО-да Аягөз әкімінің соты аяқталды. Ол 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да Аягөз әкімінің соты аяқталды. Ол 4 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қуаныш Азыхановқа пара алды деген айып тағылды. Аягөз аудандық сотының мәліметінше, 2020 жылдың 16 және 17 қыркүйегінде қала басшысы "көркем" ЖК мердігер ұйымынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алған. Мердігер табиғи апат салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысады.

Қала басшысы қызметтік кабинетінде ұсталған болатын. Алайда ол бұл ақшаны қарызға алғанын айтып, кінәсін мойындамаған.

"Сотталушының кінәсін куәгерлердің айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесі, әңгіме стенограммалары мен бейнежазбалар және заттай айғақтар растады. Куәгер сотталушы ақшаны қарызға алды дегенді теріске шығарды. Ол орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюы үшін ақша бергенін растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Қабылданған антты бұзған адамның қылмыс жасауы ауырлатушы ретінде қосылды", - деді сот өкілдері.

Айта кетейік, тергеу 9 айға созылды. Осы уақыт ішінде іс бойынша үш судья ауысқан. Сондай-ақ, деректерді бұрмалағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушілері жауапқа тартылған.

Прокурор сот төрағасынан бұрынғы басшыны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот барлық жағдай негізінде айыпталушыны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 5 ай мерзімге бас бостандынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылдың қыркүйегінде Аягөз әкіміне қатысты соталды тергеу бастаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети