29 сәуір 2022 11:06

ШҚО-да декреттегі әйел есірткі тасымалдаған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация: pixabay Иллюстрация: pixabay

ШҚО-да есірткі тасымалымен айналысқан декреттегі әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


ШҚО-да есірткі тасымалымен айналысқан декреттегі әйел ұсталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі таратушылардың жолын кесті. Ведомствоның мәліметінше, облыс тұрғынының пәтерінен сатуға дайындалған марихуана салынған сөмкелер табылған. Декреттік демалыстағы әйел қосымша ақша табу үшін, нәрестесімен серуендеп жүріп есірткі таратқан. Әйелдің түнде өздері алып кететін клиенттері де болған. 

Тағы бір жағдайда, видеоға аулаға спортпен айналысуға шыққандай көрінген жігіт түскен. Анықтап қарағанда жас жігіт жерге бірнеше дозаны жасырып, суретке түсіріп интернет арқылы сатып алушыларға жіберген.

"Видео және фотоның көмегімен қылмыскер көп ұзамай ұсталды", - дейді ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ерқын Әнуарбеков.

Жедел іздестіру шарасында үйде және моншада есірткі сақтаған Семей қаласының тұрғыны ұсталды. Ер адамның қалтасынан да гашиш табылған. Күдікті кінәсін мойындады.

"Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз айналысу дерегімен 44 жастағы Семей қаласының тұрғынына қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазаны қарастырады", - деді ШҚО ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 33 келіден астам дайын есірткі тәркіленген. Жартысына жуығы - синтетика. 

Министрлік есірткі сатушылар шетелдік контрабандадан отандық өндіріске көшкенін айтты. Биыл Алматы, Алматы облысы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында сегіз дәрі-дәрмек зертханасы жойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети