09 наурыз 2016 17:02

ШҚО-да қоқыс төгуге арналған полигоннан нәресте денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Komi-news.ru © Komi-news.ru

Зыряндағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған қалалық полигоннан нәресте денесі табылды, - деп хабарлайды Yk-News.kz.


Зыряндағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастауға арналған қалалық полигоннан нәресте денесі табылды, - деп хабарлайды Yk-News.kz.

Нәрестенің денесін жергілікті ЖШС қызметкерлері 6 наурыз күні тауып алған. Дене қалтаға оралып, қоқыс шәшігіне тасталыпты. "Шамамен күндізгі сағат екі шамасында қоқыс жинайтын көлік келіп, қаладағы қоқыс жәшіктерінен жиналған қалдықтарды төкті. Қызметкерлердің бірі қалтадан шығып жатқан нәрестенің қолын байқап қалған", - деді Зырян аудандық ІІБ басшысының орынбасары Рустам Надыров.

Оқиға болған жерге келген полицейлер қалтаға нәресте денесінің оралғанын анықтады. Дененің қасында түрлі түсті жаялық жатты. Болжам бойынша, нәресте ауа жетіспегендіктен қайтыс болған. Оның денесінде жарақат іздері жоқ. Қазіргі уақытта полицейлер нәрестенің анасын іздеп жатыр.

"Біз бірінші кезекте Зырян ауданында жұмыс жүргіземіз. Қоқыс жинайтын көліктің жүргізушісі нәрестенің денесі оралған қоқысты нақты қай жерден тиегенін есіне түсіре алмай отыр. Іздеу жұмыстарына дәрігерлер де тартылды. Себебі ауданда жүкті әйелдер өте көп", - деді Надыров. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети