29 қаңтар 2022 16:25

ШҚО-да орманшылар мен кәсіпкерлер ағаштарды заңсыз отағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ШҚО-да табиғатқа 65,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген орман шаруашылығы қызметкерлері мен кәсіпкерлерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да табиғатқа 65,7 миллион теңге көлемінде залал келтірген орман шаруашылығы қызметкерлері мен кәсіпкерлерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының № 2 сотында "Өскемен орман шаруашылығының" бірден бірнеше қызметкерінің кінәсі дәлелденді. Олар лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды, кейбіреулері - бопсалау арқылы бірнеше рет пара алды және зорлық-зомбылық қолданды деп айыпталды. Тағы екі кәсіпкердің ісі қаралды, олар ағаштарды заңсыз кесіп, үлкен залал келтірді деп айыпталды. Майқарағайлар ешқандай билетсіз 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың ақпанына дейін кесіліп келген, жалпы шығын 65 755 091 теңге. 

"Сот екі сотталушыға үш жыл бас бостандығынан айыру, біреуіне екі жыл алты ай, тағы бір адамға бір жарым жыл жаза тағайындады. Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Кәсіпкерлерге келетін болсақ, оларға сот 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, сондай-ақ, оларды ағаш дайындау саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан үш жыл мерзімге айырды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Ал табиғатқа келтірілген залал қалай өтелетіні белгісіз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети