1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

ШҚО-да прокурорлар кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған

© knb.gov.kz © knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері прокуратура қызметкерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ҰҚК Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, прокуратураның лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кесті.


© knb.gov.kz

"2019 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Комитеттің мәліметінше, ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.