06 сәуір 2015 | 19:30

Шымкент қаласында пәтер тонады деген үш күдікті Алматыда ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Visti.ks.ua ©Visti.ks.ua

Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласының аумағында пәтер тонады деген үш күдіктіні Алматы қаласында құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстікқазақстандық полицейлер Шымкент қаласының аумағында пәтер тонады деген үш күдіктіні Алматы қаласында құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың басынан бері Шымкент ҚІІБ Еңбекші полиция бөліміне облыс орталығының оннан астам тұрғыны пәтер ұрлығы жайты бойынша арызданған. Жәбірленушілер полиция қызметкерлеріне олардың пәтеріне белгісіз біреулердің сыртқы есіктің құлпын бұзып кіріп, қымбат бағалы техника мен зергерлік бұйымдарын және басқа да бағалы заттар мен ақшаларын ұрлаған", - делінген баспасөз хабарламасында.

27 жастағы азамат 2015 жылдың 20 қаңтарында полицияға арызданды. Оның айтуынша, белгісіздер Шымкент қаласы 18 мөлтекауданында орналасқан пәтерінің сыртқы есігінің құлпын бұзу арқылы ішке кіріп, қымбат бағалы ноутбук, ойын аппараты, алтын жүзік және ақшасын қолды етіп, жәберленушіге жалпы құны бір миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Тәртіп сақшылары Алматы қаласында пәтер ұрлығына қатысты күдіктілердің ізіне түсіп, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында үш күдікті азаматты құрықтады. Олар 1982, 1993 және 1996 жылы туылған Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт және Ордабасы аудандарының тұрғындары болып шықты.

Полицейлердің анықтауы бойынша, күдіктілер өздерінің құйтырқы әрекеттерін бір сызбамен іске асырып отырған. Күндізгі уақытта пәтер иелерінің үйде болмағанын пайдаланған күдіктілер қолындағы құралдарымен сыртқы есіктің құлпын бұзу арқылы ішке кіріп, жәбірленуші азаматтардың үйіндегі барлық бағалы заттарын, ақшаларын, техника және алтын бұйымдарын ұрлап кетіп отырған. Сонымен қатар, полицейлердің мәліметінше, күдікті азаматтар ұрланған заттарды сатып, одан түскен қаражатты өз қажеттеріне жаратқан.

Мұнымен қатар, бұл күдіктілердің тағы да 18 пәтер ұрлығына қатысты бар екені тергеу барысында анықталды. Олар жәбірленушілерге шамамен 10 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Айғақ зат ретінде жәбірленушілерден ұрланған бағалы заттардың бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Осы дерекке байланысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.2  course up  543.85  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer