13 қаңтар 2017 13:10

Шымкент тұрғыны өз көлігін өзі "ұрлап кеткен"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкент тұрғыны өз көлігін "ұрлап кеткен", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкент тұрғыны өз көлігін "ұрлап кеткен", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылдың қазанында Шымкенттің Қаратау аудандық ІІБ полиция бөліміне 1988 жылғы жергілікті тұрғын Toyota Corolla маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін хабарлаған. Жедел-іздестіру шараларының барысында айдап әкетілді делінген көлік Шымкенттің көшелерінің бірінде табылған.

Сөйтсек, 29 жастағы "жәбірленуші" қаладағы банктердің бірінен сақтандыру алу үшін өз көлігін біреулер айдап әкетті деп хабар беріпті. Ер адам 800 мың теңге сомасында сақтандыру алғаннан кейін ол көлігін 33 жастағы шымкенттікке сатпақшы болған. Мұнымен қоймай, ол сатып алушыдан 500 мың теңге көлемінде алдын ала ақша алып, кейін уәдесінде тұрмаған.

Осы дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс қозғалды - 190-бап - "Алаяқтық" және 419-бап - "Көрiнеу жалған сөз жеткiзу". Заттай айғақтар тәркіленіп, күдікті қамауға алынған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети