04 тамыз 2022 09:54

Шымкентте 1,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жасаған үш тұрғын сотталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкентте үш тұрғынды жалған шот-фактура жасағаны үшін соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


Шымкентте үш тұрғынды жалған шот-фактура жасағаны үшін соттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"Шымкентте жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жазумен айналысқан адамдар ұсталды. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті М.А. Ажибаев, А.О. Акынов және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріп, сотқа жолдады. Сот үкіміне сәйкес, бұл адамдар кінәлі деп танылды. Оларға түпкілікті мүлік тәркілену мен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталғандардың бірінің атына тіркелген Toyota маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне өткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети