14 қазан 2017 10:50

Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесін тонау ісі: Ұрының қанша ақша алып кеткені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

gorlovka.today gorlovka.today

Полиция Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесіне белгісіз біреудің жасаған шабуылынан келтірілген залал миөлшері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 


Полиция Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесіне белгісіз біреудің жасаған шабуылынан келтірілген залал миөлшері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 13 қазанда шамамен 20:00-де белгісіз біреу Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшелерінің біріне баса көктеп кірген. Банк қызметкерлері дереу дабыл шүртпесін іске қосқан. 

"Санаулы минуттар ішінде оқиға орнына әл-Фараби полиция бөлімшесінің жедел тергеу тобы келіп жеткен. Банк қызметкерлерінің айтуынша, бөлімшеге бетперде киген белгісіз біреу кіріп келіп, еденге "жарылғыш затқа" ұқсайтын бірдемені тастап, түтін шыққанда балтамен қорқытып ақша беруді талап еткен. Белгісіз адам кассадан 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары және 8500 рубль алып кеткен. Осы кезде қызметкерлердің бірі "дабыл шүртпесін" басып үлгерген, алайда күдікті қашып кеткен", - деді ІІД өкілдері.  

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде тонау") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, ұстау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети