09 маусым 2015 14:18

Шымкентте балаларды алдаумен айналысқан әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Progorod43.ru © Progorod43.ru

Шымкентте балаларды алдаумен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте балаларды алдаумен айналысқан әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаратау аудандық Ішкі істер бөлімі қызметкерлері балалардың сеніміне кіріп алып, алтын бұйымдарды алып кетумен айналысқан әйелді ұстады.

"2015 жылдың 6 маусымында полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, үйіне белгісіз әйел адамның келіп, баласына өзін туысыңмын деп таныстырып, құны 42 мың теңге болатын алтын алқа мен 6 мың теңгелік күміс сырғаны алып кеткенін айтты", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер Төле би ауданының тұрғынын ұстады. Күдіктінің осыған дейін сотты болғаны, қазіргі уақытта жұмыссыз екені анықталды. "Жыл басынан бері жәбірленушілерге 1,5 миллион теңге шығын келді. Заттай айғақ ретінде ұрланған бұйымдардың бір бөлігі алынды", - деді полицейлер.

Алаяқтық жасады делінген 24 жастағы күдікті

Күдіктіні тану кезінде

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары кезінде күдіктінің осыған ұқсас онға жуық қылмыстық іске қатысы бары анықталды. "Егер сіз де осындай оқиғаның куәсі немесе құрбаны болсаңыз, Қаратау аудандық ішкі істер бөліміне қоңырау шалыңыз: 47-60-02", - деді Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети