23 маусым 2015 10:34

Шымкентте бір әйел саунаға келгендерге жезөкше қыздарды ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©iz.com.ua ©iz.com.ua

Шымкентте бір әйел саунаға келгендерге жезөкше қыздарды ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте бір әйел саунаға келгендерге жезөкше қыздарды ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ол өзі жұмыс істейтін саунаға келушілерге жезөкшелерді ұсынған. "Сотталушы Шымкент қаласы Иляев көшесінің бойында орналасқан "Оңаша" саунасында әкімші болып жұмыс істеп жүріп, 28 наурыз 2015 жылы сағат 16.00 шамасында пайдакүнемдік мақсатпен жеңгетайлық жасау үшін, осы саунаға жуынуға келген адамға ақшаға жыныстық қатынасқа түсетін қыздарды тауып беруге ұсыныс жасап, оған жезөкшелікпен айналысатын қызды кіргізіп, соңғының жыныстық қатынасқа түсетін қыздың ақысы үшін берген 5000 теңге ақшасынан 1000 теңге ақшасын алған", - делінген хабарламада. 

Полииция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан әйелді ұстап, мың теңгесін айғақ зат ретінде алған.

Сот өкілдерінің айтуынша, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Алайда ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептелді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети