14 қазан 2021 09:04

Шымкентте бірінші сынып оқушысын сабақ үстінде ұрған әйел видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

otyrar.kz сайтынан алынған видео скриншоты otyrar.kz сайтынан алынған видео скриншоты

Шымкентте егде жастағы әйел мектепте бірінші сынып оқушысының бетінен ұрған. Ол енді баланы ұрып-соққаны үшін сотта жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.


Шымкентте егде жастағы әйел мектепте бірінші сынып оқушысының бетінен ұрған. Ол енді баланы ұрып-соққаны үшін сотта жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға биыл тамызда болған, бұл кезде оқушылар дайындық сабақтарын өтіп жатқан. Бірінші сынып оқушылары жанжалдасып қалған, олардың бірі әжесіне шағымданған. Әжесі кабинетке кіріп, балаға айғайлып, кейін бетінен ұрған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мектеп директорының айтуынша, оқушы әжейді тоқтатып үлгермепті.

"Баланың бетінде із қалды. Әйелдің қолында сақинасын болғаннан деп ойлаймын", - дейді "Жас Дарын-2" мектебінің директоры Пернебай Беделов.

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазған, ал кейін бала басқа мектепке ауысып кетіпті.

Оқиғадан кейін екі ай уақыт өтіп, әйел әлі күнге жазаланбаған. Полиция департаменті өкілдері екі айлық тергеуден кейін іс сотқа жеткенін хабарлап отыр. Әйелдің ісі "Ұрып-соғу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Оған 30 мың теңге шамасында айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Журналистердің пікірінше, сот жасын ескеріп, зейнеткерге айыппұл салуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети