26 қараша 2020 07:51

Шымкентте ер адамның басын кесіп алған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайнар бұлақ". Фото: otyrar.kz "Қайнар бұлақ". Фото: otyrar.kz

Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесін тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.


Шымкентте "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінің тұрғындары бұталардың арасынан басы кесілген ер адамның денесін тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Мәйіт 8 қарашада табылғаны белгілі болды. Содан кейін қалада "Ұстау" операциясы жарияланған. Құқық қорғау органдары қылмыскерді бірнеше сағаттан кейін ұстаған.

Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр, тергеу жүріп жатыр.

"Дене табылғаннан кейін полицейлер келіп, мына жерде фото-видео түсірді. Мен қайтыс болған адамды танымаймын, есімі Витя болған сияқты. Арасында ішетін, басқа ештеңе айта алмаймын. Ауданымызда криминал жоғын айтқым келеді, 20 жылдан бері өзіме ешкім тиіспеді. Ауызбіршілік бар. Полиция жақсы жұмыс істейді, көмектескендері үшін рақмет", - деді "Қайнар бұлақ" тұрғыны Қорғанбай Досметов.

Өлімнің мән-жайы айтылмайды. Тек ұсталған азамат 2001 жылы туған екені хабарланды.

"Осы жылғы 8 қарашада Қаратау ауданының "Қайнар бұлақ" тұрғын үй массивінде 1967 жылы туған ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Шымкент қаласы ПД Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚК 99-бабы 1-бөлігіне ("Өлтіру") сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады. 2001 жылы туған күдікті ұсталды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", - деді тергеуші Бауыржан Тюльбашев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети