18 шілде 2022 15:36

Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқан үш ҚДТ өкілі сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тыйым салынған "ҚДТ" экстремистік ұйымының үш өкілі Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тыйым салынған "ҚДТ" экстремистік ұйымының үш өкілі Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке Қазақстанда тыйым салынған "ҚДТ"/"Көше" экстремистік ұйымының жақтастары белсене қатысқан. 

"Шымкентте сот үкімі бойынша, осы тыйым салынған ұйымның 3 өкілі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға шақырып қана қойған жоқ, сонымен қатар қалалық әкімдік ғимаратына өздері шабуыл жасап, бұзақылық және мемлекет мүлкін бүлдіруге қатысқан", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, ұрланған атыс қаруын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети