14 қыркүйек 2019 10:05

Шымкентте курстас қызын зорлап, видеоға түсірген екі жігіт сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бірге оқитын курстасын зорлап, оны таспаға түсіріп, қыздан ақша бопсалағандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Отырар".


Шымкентте бірге оқитын курстасын зорлап, оны таспаға түсіріп, қыздан ақша бопсалағандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Отырар".

Қаладағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған бойжеткенге зәбір көрсеткен қос жігітті 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, оқиға былтыр 21-қазанда, сағат 13-00 шамасында болған. Қасына досын ерткен 17 жастағы жігіт өзімен бір топта оқитын қыздың үйіне қонаққа барады. Бойжеткеннің үйінде ата-анасы жоқтығын пайдаланған олар қызға қитұрқы ұсыныстарын айтады. Оның үзілді-кесілді бас тартқанына қарамай, әлгі жолдас жігіт екеуі оны сол мезет зорлаған.

Жігіттер онысын видеоға түсіріп, әлеуметттік желіге жариялаймыз деп, қызды бопсалаған. Осы қылмыстық әрекеттерді ескерген судья "зорлау" және "бопсалау" бойынша қос бірдей баппен жаза тағайындап отыр.

"Кәмелетке толмаған екі сотталушы ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылған. Оларға жалпы 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді деп белгіледік. Қазіргі таңда бұл үкім күшіне енген. Яғни, бұл үкім өзгеріссіз қалдырылады", - дейді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети