Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шымкентте мемлекеттік тумен қоқыс шығарғандар жазаланды

29 Шілде 2015, 15:55
0

Шымкентте мемлекеттік тумен қоқыс шығарғандар жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің мәліметінше, оларға судья айыппұл түріндегі жазаны кескен. "Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының 08.07.2015 жылғы үкімімен Талғат Биболат пен Гауһар Калдыбаева Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабымен кінәлі деп танылып, Биболатқа осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған. Калдыбаеваға осы бап бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалды", - делінген соттың хабарламасында.

Еске салайық, Шымкентте коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары қоқысты Қазақстанның туына салып шығарған болатын. Тазалық жұмыстарын кездейсоқ көріп қалған куәгерлер бұл жайтты суретке түсіріп алған еді. Мемлекеттік ту арқылы қоқыс шығарған жұмысшылардың аты-жөнін анықтап, оларды ұстауға полиция қызметкерлеріне үш сағат қажет болды. Сөйтсе, олар "Бекасыл сервис" ЖШС қызметкерлері болып шықты. Ұсталғандардың ішінде 1986 жылғы Гауһар Қалдыбаева, 1974 жылғы Талғат Биболатов және қоқыс жинаушы көліктің жүргізушісі, 1966 жылғы Мейрамбек Сайлаубеков бар болып шықты.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай