24 ақпан 2020 12:56

Шымкентте сарбаз бен оның бауыры өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. © Тұрар Қазанғапов

Шымкентте жалдамалы пәтерден сарбаз бен оның бауыры өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкентте жалдамалы пәтерден сарбаз бен оның бауыры өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

"24 ақпанда сағат 8.40-та жедел басқарма пультіне көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен екі ер адамның - 1994 жылғы және 1992 жылғы өлі табылғаны хабарланды. Оның біреуі Шымкенттің № 556/52 әскери бөлімінде қызмет еткен. Пәтер жалдап тұрған. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

ТЖД мәліметінше, үйді жылыту мақсатында газ плитасы қолданылған. Нәтижесінде пәтерде табиғи газ тарап кеткен. ТЖД үш қызметкері мен полиция департаментінің төрт қызметкері жұмылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети